Паркингтерде тұрақ орындарын жалдау тарифінің көтерілуі туралы хабарлама

Артқа

Құрметті жалға алушылар!!!

«N-parking» ЖШС (бұдан әрі – Компания) 2021 жылғы желтоқсандағы хабарландыруға сәйкес 2022 жылғы 2 наурыздан бастап тарифтік жоспардың өзгергені және тұрақ орындарын жалдау құнының көтерілгені туралы хабарлайды. Бағаның өсуі инфляция себептерінен паркингтің инженерлік жүйелеріне, қызметтерге, жиынтықтаушы тауарларға, жабдықтардың қосалқы бөлшектеріне, электр жабдықтарына қызмет көрсету бағасының қымбаттауына және жоспарланған жақсартуларға байланысты.

Осыған байланысты, паркингтерде тұрақ орындарын жалға алу құны:

1. Қабанбай батыр даңғылы 32П, Қабанбай батыр даңғылы 34П, Нәжімеденов көшесі 10/2:

қысқы кезең - 18 000 (он сегіз мың) теңге;

жазғы кезең - 13 000 (он үш мың) теңге.

2. Т. Жүргенов көшесі 26, Абылайхан даңғылы 52, Абылайхан даңғылы 52 «а», Абылайхан даңғылы 54, Абылайхан даңғылы 54 «а», Ш. Уәлиханов көшесі 23, Ш. Уәлиханов көшесі 25/2, Қорғалжын тасжолы 27 корпус 3, Ш. Айтматов көшесі 29 «а», Ш. Айтматов көшесі 31, Ш. Айтматов көшесі 31 «а», Ш. Айтматов көшесі 31 «а», Ш. Айтматов көшесі 31 «б», Е-15 көшесі 3 үй, Ұлы Дала көшесі 19:

қысқы кезең - 16 900 (он алты мың тоғыз жүз) теңге;

жазғы кезең - 11 700 (он бір мың жеті жүз) теңге.

3. Бір жылға біржолғы төлем кезінде 10% жеңілдік қарастырылған.