Достар, бізде жақсы жаңалық бар!

Артқа

Төлемді белсендірмей (активация жасамай), көлік картасын толтырудың тағы бір мүмкіндігі пайда болды.

Қазір қала бойынша 8 жаңа төлем терминалы орнатылды. Оларда сіз картаның теңгерімін лезде, комиссиясыз және белсендірусіз толтыра аласыздар.

Ол үшін көлік картасын терминалға салып, экранда толтыру бөлімін таңдап, қажетті соманы салу керек. Сондай-ақ, терминалда картаның теңгерімін тексеруге болады.

Терминалдар теңге купюраларын ғана қабылдайды. Тиындар мен басқа валютамен картаны толтыра алмайсыздар.

Бұл терминалдарды орнату «PolyArt Company» компаниясымен PolyCardсеріктестіктің арқасында пайда болды. Біртіндеп олардың саны көбейетін болады.

Терминалдардың мекен-жайлары суретте көрсетілген.

Адреса терминалов

Сондай-ақ, көлік карталарын толтырудың басқа әдістері әдеттегідей қолжетімді.

Жаңартуларды жіберіп алмас үшін, біздің жаңалықтарымызды www.alrt.kz және www.transcard.kz сайттарында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда оқыңыздар.

Достар, бізде жақсы жаңалық бар!