Қоғамдық көлікте жолақысын Astra Bus арқылы төлеуге болады

Артқа
Astra Bus мобильді қосымшасы жолаушылар арасында кеңінен таралған. Бұл қосымшада автобустың қай жерде жүргенін көріп қана қоймай, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын да төлеуге болады. Ол үшін автобус ішіндегі QR кодты сканерлеу жеткілікті. Astra Bus арқылы қалалық, тұлпар (экспресс) және қала маңына қатынайтын бағдарларда жолақысын төлеуге болады. Смартфон иелері қосымшаны Play Market немесе App Store-да жүктей алады.
Қоғамдық көлікте жолақысын Astra Bus арқылы төлеуге болады