Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары!

Артқа

Сіздер үшін бізде жақсы жаңалық бар!

Енді SENIM мобильді қосымшасы көмегімен автобустағы жапсырмадан QR-кодты сканерлеу арқылы төлем жасауға болады. Қосымшада сканерлеу үшін тиісті батырмасы бар. Сондай-ақ, қосымшаға жол ақысын төлеу үшін кез келген банк картасын байлауға болады.Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Астана қаласының қоғамдық көлігінде SMS / QR бойынша төлем жасаудың келесі мүмкіндіктері бар:

  1. QR-код арқылы төлеу үшін төмендегі мобильді қосымшалар бар
  2. Homebank (тек HalykBank және Qazkom карталары үшін)
  3. SMSBUS (телефон теңгерімі мен банк картасынан төлеуге болады; кез келген банк картасын байлауға болады) 
  4. My Beeline (Beeline абоненттері үшін, телефон теңгерімінен төлем)
  5. OYBY (банк картасымен төлем жасау; тек ForteBank картасын ғана емес, кез келген банк картасын байлауға болады,) / сонымен бірге, OYBY (Ойбай!) автобус салондарында QR-коды бар жеке жапсырмалар бар.
  6. Телефон теңгерімі арқылы SMS жіберу (кодты 2505 қысқа нөміріне жіберу жеткілікті): Activ/Kcell, Beeline абоненттері үшін қолжетімді.
Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары!