ЖАРИЯ ШАРТ

Астана қаласының қалалық және қала маңы бағыттарында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған Жария шарт

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛА МАҢЫ БАҒЫТТАРЫНДА ЖОЛ АҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖАРИЯ ШАРТ

Осы Астана қаласының қалалық және қала маңы бағыттарында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған Жария шарт (бұдан әрі – «Шарт») бұдан әрі «Жүйе операторы» деп аталатын «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын осы Шарттың ережелеріне қосылған тұлғаға Астана қаласында электрондық түйіспесіз карта арқылы жол ақысын төлеу (Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүрумен байланысты) қызметтерін көрсетудің жалпы ережелерін анықтайды.

Жүйе операторы және Пайдаланушы бірге алғанда осы Шарт бойынша «Тараптар» деп аталады.

  1. Жалпы ережелер

Қоғамдық көлік – жол ақысын төлеудің электрондық жүйесімен жарақталған автобус (тар).

Пайдаланушы – жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігінде тасымалдау қызметтерін көлік картасын пайдалана отырып немесе қолма қол ақшамен төлеуді жүзеге асырушы жеке тұлға.

Жүйе операторының сайты – Жүйе операторының интернет желісіндегі www.alrt.kz мекенжайындағы ақпараттық ресурсы.

Көліктік бақылау қызметі (бұдан әрі – КБҚ) – Пайдаланушылардың Көлік карталарын тексеру үшін, сондай-ақ Қоғамдық көлікте жол жүруін Көлік карталары арқылы төлеп тіркемеген тұлғаларды анықтау үшін арнайы бақылаушы терминалмен жарақталған Жүйе операторының жұмыскерлері.

Көлік терминалы (бұдан әрі – Терминал) – көлік картасының жадысында сақталатын ақпаратты оқып тануға, аталған көлік құралында белгіленген тариф бойынша жол жүруді тіркеуге арналған, тасымалданбалы немесе тасымалдаушының көлік құралында тұрақты орнатылған мамандандырылған құрылғы (жолаушылардың өтуіне арналып жабдықталған терминал).

Қызмет(тер) – ЖТЭЖ жұмысына бағытталған және ЖТЭЖ-мен байланысты Жүйе операторының әрекеті (тері).

«Электрондық түйіспесіз көлік картасы (бұдан әрі –  Көлік картасы) – Жалпы пайдаланудағы қоғамдық көлікте азаматтардың барлық санаттарының жол ақысын ЖТЭЖ арқылы қолма қол ақшасыз төлеуі бойынша операцияларды жасауға арналған микропроцессорлық түйіспесіз карта.

Көлік карталары мынадай түрлерге жіктеледі:

  1. Көп рет толықтырылатын көлік картасы.
  2. Көлік картасы.
  3. Жеңілдігі бар көлік картасы (атаулы).
  4. Мектеп көлік картасы (атаулы).
  5. Жүйе операторы шығаратын өзге де карта түрлері.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (бұдан әрі – ЖТЭЖ) – Астана қаласының жолаушылар көлігінде электрондық төлем жүйесін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық реттелген жиынтығы.

Көлік билеті – қоғамдық көлікте жол ақысын ЖТЭЖ арқылы қолма қол ақшасыз төлеу бойынша алдын ала төленген саны шектеулі сапарларға арналған, Көлік картасының бір түрі болып табылатын микропроцессорлық түйіспесіз қағаз карта.

Қоғамдық көлік кондукторы – Қоғамдық көлікте жолаушыларға қызмет көрсететін, бір жолғы билеттер сататын және Пайдаланушының Терминал арқылы жол жүруін төлеуін тексеретін Тасымалдаушының персоналы.

  1. Шарттың жалпы ережелері

2.1.      Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жария шарт болып табылады. Жүйе операторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарттың ережелерін өздігінен белгілейді.

2.2.      Қызметтер Пайдаланушыға осы Шарттың ережелеріне сәйкес ұсынылады.

2.3.      Қызметтер туралы ақпарат Жүйе операторының сайтында орналастырылуы мүмкін, Пайдаланушының (Пайдаланушылардың) назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген құралдар мен тәсілдер арқылы жеткізілуі мүмкін.

  1. Көлік картасының көмегімен жол жүру фактісін тіркеу тәртібі туралы жалпы ережелер

3.1.      Пайдаланушы жол жүру фактісін тіркеуді міндетті түрде Қоғамдық көлікке кіру (отыру) кезінде өздігінен жүргізеді. Қоғамдық көлікте жол жүруді тіркеу фактісі Көлік картасын  Терминалдың танығышының жұмыс бөлігіне тіркеудің сәтті/сәтсіз өтуі туралы тиісті хабар шыққанша түйістіру арқылы, жол жүру фактісін тіркеу туралы қағаз құжат берусіз расталады.

3.2.      Терминал Көлік картасындағы мәліметтерді оқып, ол бойынша жол жүруді тіркеу мүмкіндігін тексереді. Жасыл индикатор жол жүрудің сәтті тіркелуін растайды, сары индикатор Көлік картасындағы мәліметтерді тану кезінде жанады, қызыл индикатор пайдаланушыға жол жүру фактісін тіркеу үшін қаражаттың жеткіліксіздігі туралы немесе Көлік картасының бұғатталғаны туралы хабарлайды.

3.3.      Пайдаланушы Көлік картасындағы қаражаттың қалдығын Қоғамдық көлікте орнатылған Терминал арқылы тексере алады, ол үшін Терминалдың оң жағындағы төменгі түймені – «Карта бойынша ақпарат» түймесін басып, Көлік картасын Терминалға түйістіру қажет.

  1. Көлік картасын сатып алу тәртібі

4.1.      Көлік картасын көлік карталарын толықтыру, іске қосу, алдын ала төлем қалдығын тексеру жүйесіне қосылу операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан сатып алуға болады. Сату және толықтыру орындарының орналасу жерлері туралы мәліметтер Жүйе операторының ресми сайтында орналастырылады.

4.2.      Көп рет толықтырылатын көлік картасының құны 400  теңгені құрайды.

4.3.      Көлік билетінің құны 100 теңгені құрайды.

4.4.      Жеңілдігі бар атаулы көлік карталары мен Атаулы мектеп көлік картасы Пайдаланушыға өтеусіз пайдалануға беріледі.

4.5.      Осы Шарттың 4.4-тармағында көрсетілген Көлік картасын бүлдіру немесе жоғалту жағдайында, Пайдаланушы 400 теңге көлемінде оның құнын қалпына келтіруге міндетті,  бұл ретте Пайдаланушы жаңа Көлік картасын өтеусіз пайдалануға алады.

4.6.      Көлік картасының құны оның өзіндік құны өзгерген жағдайда өзгертілуі мүмкін.

4.7.      Көп рет толтырылатын Көлік картасы және/немесе Көлік билеті жоғалған жағдайда, мұндай карталар қалпына келтірілмейді және олар бойынша жол жүру қалдығы қайтарылмайды.

4.8.      Көлік картасынға жүктелген тарифтік жоспарларды пайдалану мерзімі 3 айды құрайды, 3 ай өткен соң пайдаланылмаған тарифтік жоспарлар жойылады.

Пайдаланылмайтын тарифтік жоспарлар жойылатын күннен 10 күн бұрын Пайдаланушы тарифтік жоспарлардың қалған құнын өтеу үшін Жүйе операторының Астана қаласы, Тұран даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан кеңсесіне барып жүгінуі тиіс.

  1. Астана қаласының қалалық және қала маңы бағыттарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы ақпарат

5.1.      Қоғамдық көлікте жол жүру құны «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысымен белгіленген:

  • дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 90 (тоқсан) теңге;
  • экспресс тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 150 (жүз елу) теңге;
  • тұрақты әлеуметтік мәні бар тұрақты жолаушылар тасымалы – 90 (тоқсан) теңге;
  • Астана қаласының қала маңы бағытында жолаушылар мен багажды тасымалдау – 1 шақырым үшін 6,6 теңге.
  1. Жеңілдігі бар атаулы көлік картасын алу тәртібі

6.1.      Жеңілдігі бар көлік картасы атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға пайдалануға берілмейді. Жеңілдігі бар атаулы көлік картасын үшінші тұлға пайдаланған жағдайда, көліктік бақылау қызметкерлері картаны бұғаттап, алып қояды.

Алып қойылған атаулы картаны қайтару атаулы карта иесінің өтініші негізінде және 400 теңге көлемінде картаның өзіндік құнын төлеу арқылы Төлем жүйелерінің орталығында жүзеге асырылады.

6.2.      «Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 251/36-V шешімінде көрсетілген азаматтардың санаттары Жеңілдігі бар атаулы көлік картасының пайдаланушылары болып табылады.

6.3.      Жеңілдігі бар атаулы көлік картасын алу үшін пайдаланушы көлік карталарын беру орнына не болмаса мамандандырылған кассаларға жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты (ЖСН бар) және әлеуметтік көмекке құқығын куәландыратын құжатты үсынуы қажет.

6.4.      Жеңілдігі бар (атаулы)  көлік карталарын пайдаланушылар дағдылы қалалық және экспресс қалалық бағдарларда ғана жол жүру саны шектелмей, жол жүру ақысын төлеуден босатылады.

  1. Атаулы мектеп көлік картасын алу тәртібі

7.1.      Мектеп көлік картасы атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға пайдалануға берілмейді. Атаулы мектеп көлік картасын үшінші тұлға пайдаланған жағдайда, көліктік бақылау қызметкерлері картаны бұғаттап, алып қояды. Атаулы мектеп көлік картасын елорданың оқу мекемелерінде өтеусіз пайдалануға алуға болады.

7.2.      Атаулы мектеп көлік картасын алу үшін оқушы не болмаса ата-анасы оқу мекемесіндегі жауапты тұлғаға жүгінуі қажет.

7.3.      Басқа қалада тұратын, 7-15 жас аралығындағы балалар атаулы мектеп көлік картасын 400 (төрт жүз) теңге көлемінде құнын төлеп, көлік карталарын беру орнында не болмаса мамандандырылған кассаларда сатып ала алады. Атаулы мектеп көлік картасын алу үшін ата-аналарымен не болмаса заңды өкілдерімен бірге барып, туу туралы куәлігін, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатын (ЖСН бар) ұсыну қажет.

  1. Қоғамдық көлікте жол жүру фактісінің тіркелуін тексеру тәртібі

8.1.      Көлік картасымен және/немесе қолма қол ақшамен қоғамдық көлікте жол жүру және/немесе багажды алып жүру ақысының төленуін тексеру арқылы КБҚ инспекторы мониторинг жүргізеді.

8.2.      Көлік картасымен және/немесе қолма қол ақшамен қоғамдық көлікте жол жүру және/немесе багажды алып жүру ақысының төленуін тексеру үшін, КБҚ инспекторы жолаушының картасын терминалға түйістіреді немесе Пайдаланушының бір жолғы  билетінің бар-жоғын тексереді.

8.3.      Қоғамдық көлікте жол жүру және/немесе багажды алып жүру ақысын төлемеген Пайдаланушы анықталған жағдайда, КБҚ инспекторы жол ақысын төлеуді сұрайды, бас тартқан жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 622-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттаманы толтыру үшін жергілікті полиция қызметкерлерін шақырады (қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтару екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

8.4. Егер Қоғамдық көлік терминалы техникалық жарамсыз күйде болса немесе Қоғамдық көліктің Тасымалдаушысы оны қасақана өшіріп қойса,   Пайдаланушы өтеусіз жол жүруге құқылы.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

9.1.      Жүйе операторы:

9.1.1.   Қоғамдық көлікте жол жүру қызметтерін Жүйе операторының ЖТЭЖ жүйесінде жол жүруін (Көлік карталары арқылы не болмаса қолма қол ақшамен төлеу арқылы) төлемей және тіркеусіз пайдаланатын тұлғаны анықтаған жағдайда, КБҚ инспекторлары арқылы жол жүру фактісін тіркеу үшін Пайдаланушыға көлік картасын сатуға.

9.1.2.   Жүйе операторының қызметіне қатысы жоқ сұрақтар бойынша Пайдаланушының телефон арқылы бірнеше мәрте хабарласуын болдырмау үшін және/немесе Пайдаланушы әдеп нормаларын бұзған жағдайда, Оператордың байланыс орталығының телефон нөмірі бойынша Жүйе операторына келіп түсетін кіріс қоңырауларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіппен жазып алуға.

9.1.3.   Көлік картасын:

9.1.3.1.     көлік карталарының тұтастығы физикалық өзгерген жағдайда (қосымша белгілер салу, дизайны мен сыртқы түрін өзгерту, тұтастығы мен пішінін өзгерту);

9.1.3.2.     айрықша төмен және/немесе жоғары температуралардың әсеріне, қызумен және химиялық өңдеуге, электр магниттік өрістер мен электр разрядының әсеріне ұшырағанда;

9.1.3.3.     карталарға радиосигналды қалқалайтын металл құрамды жабындар жағылғанда немесе оларды қалқалайтын материалдары бар және қызмет көрсету кезінде карталар мен терминалдардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік бермейтін қаптамаларға не басқа заттарға салынған кезде;

9.1.3.4.     карталарды олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланбағанда, соның ішінде карталардағы ақпаратты рұқсатсыз оқып алу, көшіріп алу және түрлендіру, олардың көшірмелері мен телнүсқаларын жасау жағдайында бұғаттауға құқылы.

9.2.      Жүйе операторы:

9.2.1.   осы Шарттың ережелерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндетті.

9.3.      Пайдаланушы:

9.3.1.   Жүйе операторының Қызметтерін осы Шарттың ережелеріне сәйкес пайдалануға құқылы.

9.4.      Пайдаланушы:

9.4.1.   Қоғамдық көлікте жол жүру фактісін тіркеу үшін көлік картасын ғана пайдалануға немесе жол жүргені үшін қолма қол ақша төлеуге.

9.4.2.   Көлік картасының теңгерімін өзі бақылауға;

9.4.3.   Көлік картасын ұтыстар, дауыс берулер, сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырып өткізу үшін, жарнама тарату, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына, жабдықтың және байланыс құрылғыларының жұмысқа жарамдылығының бұзылуына әкелетін басқа да әрекеттер үшін пайдаланбауға.

9.4.4.   Жүйе операторының жұмыскерлеріне жүгінуі кезінде Жүйе операторының талабы бойынша жеке басын куәландыратын құжатты және осы Шарттың қызметтерін көрсету үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.

  1. Тараптардың жауапкершілігі

10.1.    Осы Шарттың ережелерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шарттың ережелеріне сәйкес жауапты болады.

10.2.    Жүйе операторы:

10.2.1. Пайдаланушыны (Пайдаланушыларды) Қоғамдық көлікте тасымалдау үшін.

10.2.2. Қызметтерді пайдалану кезінде туындайтын кездейсоқ, тікелей емес зиянмен байланысты, соның ішінде Пайдаланушының пайданы жоғалтуынан, іскерлік белсенділігінің үзілуінен болатын зиянмен және басқа да материалдық жоғалтулармен (жіберіп алған пайда) байланысты Пайдаланушының ықтимал залалдары үшін.

10.2.3. Жүйе операторына тәуелді емес себептермен, оның ішінде: жарияланған не жарияланбаған соғыс, азаматтық соғыс, тәртіпсіздіктер мен төңкерістер, қарақшылық актілері, қасақаналық, стихиялық апаттар, дауылдар, сұрапылдар, дауылды желдер, жер сілкіністері, цунами, сел, найзағай нәтижесіндегі ойрандар, жарылыстар, өрт, байланыс желілеріндегі апаттар/іркілістер, ғимараттардың, құрылыстардың және кез келген қондырғылардың, желілердің, телекоммуникациялық жабдықтың қирауы, осы Шарттың ережелерін орындатпайтын заңнамалық актілердің ережелері, мемлекеттік органдардың іс-қимылдары сияқты, бірақ аталғандармен шектелмейтін еңсерілмейтін күш жағдаяттарынан орын алған Тасымалдаушы(лар) жұмысының іркілісі, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, осы Шарттың ережелерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін.

10.2.4. ЖТЭЖ-ны үшінші тұлғалардың бұзуы немесе тиісті түрде пайдаланбауы салдарынан Қызметтердің ықтимал нашарлауы/ көрсетілмеуі үшін.

10.2.5. Кез келген ақпарат түрін тарату және үшінші тұлғалардың Пайдаланушы(лар)ға  келтірген кез келген зияны үшін.

10.2.6. Пайдаланушыға кеңес берулер (ауызша және/немесе жазбаша) көрсету салдарынан туындайтын, Пайдаланушы үшін ықтимал жағымсыз салдар үшін.

10.2.7. Пайдаланушының өзіндік үміттеріне және оның субъективті бағалауына сәйкес келмеу үшін жауапты болмайды.

10.3.    Пайдаланушы Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегені және/немесе уақытылы төлемегені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық жауапты болады.

  1. Шарттың күшіне ену, оны бұзу, оның ережелерін өзгерту тәртібі

11.1.    Осы Шарт бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) алғаш жарияланған немесе Жүйе операторының сайтында орналастырылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе осы Шарттың ережелеріне сәйкес бұзылғанға дейін қолданылады.

11.2.    Осы Шарт жарияланған немесе орналастырылған күнінен бастап Пайдаланушы(лар)ға осы Шартпен көзделген ережелер қолданылады. Пайдаланушылардың Қоғамдық көлікті пайдалануы осы Шарттың ережелерін сөзсіз қабылдайтынын және жалпы алғанда, осы Шартқа қосылатынын білдіреді.

11.3.    Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе осы Шарттың ережелеріне сәйкес бұзылуы мүмкін.

11.4.    Жүйе операторы осы Шарттың өзгертілген редакциясын Жүйе операторының сайтында орналастыру немесе БАҚ-та жариялау арқылы біржақты тәртіппен осы Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуі мүмкін. Мұндай өзгерістер және/немесе толықтырулар Жүйе операторының сайтында орналастырылған немесе БАҚ-та жарияланған сәтінен бастап әрекет етеді.

11.5.    Көлік картасының құнын және оның теңгеріміндегі ақша қаражатының баламасын (ұзақ – 30/90 күн – пайдалану тарифтерінен басқа) қайтару (көлік картасы қайтарылған жағдайда) көлік карталарын беру орындарында Пайдаланушының қайтару ережелерімен келісетінін жазбаша растаған кезде жүзеге асырылады.

11.6.    Көлік картасын пайдаланудың заңдылығына және көлік картасының теңгерімі туралы мәліметтердің өзектілігіне тексеру жүргізу мерзімі көлік картасы қайтаруға ұсынылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.

11.7.    Атаулы көлік карталарын олардың теңгеріміндегі қалдықты сақтай отырып, қалпына келтіру тиісті өтінішті толтырылған және жеке басын куәландыратын құжаты  болған жағдайда, көлік карталарын беру орындарында жүргізіледі.

11.8.    Кепілді мерзім (көлік картасы сатып алынған сәттен бастап 2 (екі) жыл) ішінде Атаулы көлік картасы Пайдаланушының кінәсінен емес істен шыққан жағдайда, Жүйе операторы көлік картасын өтеусіз қалпына келтіреді. 

11.9.    Атаулы көлік картасы кепілдік мерзімінен кейінгі кезеңде Пайдаланушының кінәсінен бұзылған немесе жоғалған жағдайда, Пайдаланушы 400 теңге көлемінде картаның құнын қалпына келтіруге міндетті, бұл ретте Пайдаланушы жаңа атаулы көлік картасын өтеусіз пайдалануға алады.

  1. Айрықша ережелер

12.1.    Көлік карталарын сатып алу/алу кезінде, Пайдаланушы Жүйе операторына және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына заңды негізде қажетті Пайдаланушы туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, оның дербес мәліметтерін жинауға және өңдеуге өзінің келісімін білдіреді.

12.2.    Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Оларды реттеу мүмкін болмаған кезде, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жүйе операторының орналасу орны бойынша сот тәртібінде реттеледі.

12.3.    Осы Шартта сипатталмаған барлық қалған жайттарда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

12.4.    Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Мәтін әркелкі түсінілген кезде, орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.

12.5.    Егер осы Шарттың кез келген ережесі толықтай немесе ішінара қазіргі кезде немесе болашақта заңсыз, жарамсыз не қолданылмайтын болса, ондай ереже осы Шарттың кез келген басқа ережелерінің заңдылығына, жарамдылығына және қолданылуына толықтай немесе ішінара әсер етпейді.

«Астана LRT» ЖШС

Астана қаласы, Тұран д-лы, 34

Қабылдау: 577 177

Жұмыс уақыты: дс. – жм.: 8:30 – 18:00

Байланыс орталығының

телефоны: 109

CALL CENTER

109

© 2018 Барлық құқық қорғалған. «Астана LRT» ЖШС