Мектеп көлік картасын алу үшін
құжаттар тізімі

Басты бетке

Алғашқы мектеп көлік картасын алу үшін қажетті құжаттар

Нұр-Сұлтан қ. мектеп оқушыларына:

  1. ЖСН нөмірімен баланың туу туралы куәлігі;
  2. Фото 3х4 түсті ақ фонда;
  3. Мектептен анықтама.

Ескерту: Мектептен анықтама болмаған жағдайда мектеп көлік картасын шығару 400 теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтан қ. қала маңы және басқа қалалардың мектеп оқушыларына:

  1. ЖСН нөмірімен баланың туу туралы куәлігі;
  2. Фото 3х4 түсті ақ фонда;
  3. Мектептен анықтама талап етілмейді, мектеп көлік картасын шығару құны 400 теңгені құрайды.

Мектеп көлік картасын қайта алу (телнұсқасы):
Мектеп көлік картасын қайта алған кезде барлық оқушылар үшін оқу орнына қарамастан тек баланың туу туралы куәлігі талап етіледі. Телнұсқа құны 400 теңге.
Ескерту: Дайын мектеп көлік карталарын беру тек кәмелетке толғандарға жеке куәлігі болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Өтінім беру