Мектеп көлік картасының көмегімен тамақтану ақысын төлеу

Басты бетке

Қазіргі уақытта Білім басқармасы мектептерде "City Transportation Systems" ЖШС-ның мектеп көлік карталарымен тамақтану ақысын төлеу жүйесін іске қосты.

"City Transportation Systems" ЖШС мектеп көлік картасы – оқушы үшін әмбебап карта болып табылады:

  1. Автобуста жол ақысын төлеу;
  2. Мектепте қауіпсіздіктің турникеттік жүйесі арқылы өту (турникеттер болған жағдайда);
  3. Мектеп асханасы мен буфетінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тамақтану ақысын төлеу.

Сонымен қатар, мектеп көлік картасымен тамақтану ақысын төлеу кезінде жол ақысын төлеуге арналған қаражат есептен шығарылмайды, себебі мектеп көлік картасының 2 бөлек шоты болады::

  1. Мектеп асханалары мен буфеттерде тамақтану ақысын төлеуге арналған шот;
  2. Жол ақысын төлеуге арналған "City Transportation Systems" ЖШС шоты.

Жобаны "G1 Software Kazakhstan" ЖШС және "Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС компаниялары жүзеге асырады. Бұл ретте, оқу орындарының 38 мектебіне "Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС және 38 мектебіне "G1 Software Kazakhstan" ЖШС қызмет көрсетеді (мектептер тізімі қосымшада).

"G1 Software Kazakhstan" ЖШС компаниясы қызмет көрсететін мектептер "City Transportation Systems" ЖШС мектеп көлік картасының көмегімен мектеп ішіндегі төлемдер үшін баланың шотын FeebMe қосымшасында (банк картасының көмегімен) немесе қолма-қол ақшамен (Qiwi терминалдарында немесе Қазпошта бөлімшелерінде) толтыру қажет. FeebMe қосымшасы мектептер үшін тегін орнатылады, мектеп көлік карталары FeebMe платформасына да тегін байланады. Мектеп көлік картасын "G1 Software Kazakhstan" ЖШС қызметкерлері ғана мектепте қосылу күндері байлай алады. "City Transportation Systems" ЖШС мектеп көлік картасын пайдалану кезінде тамақтану ақысын төлеуге арналған ақшаны есептен шығару FeebMe шотынан жүргізіледі, көлік картасынан ақша есептен шығарылмайды.

"Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС компаниясы қызмет көрсететін мектептер мектеп ішіндегі төлемдер үшін әлеуметтік педагогтен немесе компания өкілінен дербес шот алып, https://www.balapay.kz сайтында тіркеуден өтуі тиіс. Назар аударыңыз: Жол ақысын төлеу басқа шот бойынша жүргізіледі.

Мектепте қауіпсіздіктің турникеттік жүйесі арқылы өтуде (турникеттер болған жағдайда) көлік картасы "G1 Software Kazakhstan" ЖШС және "Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС қызмет көрсетуші компанияларымен байланады.

"Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС компаниясы қызмет көрсететін мектептер бойынша тамақтану ақысын төлеуге қатысты барлық мәселелер бойынша – 8 775 007 06 20 (Колл орталық) телефоны арқылы, ал "G1 Software Kazakhstan" ЖШС компаниясы қызмет көрсететін мектептер бойынша – 8 747 915 07 09 телефоны арқылы хабарласуға болады.

"G1 Software Kazakhstan" ЖШС/ FeebMe компаниясы қызмет көрсететін мектептер

Мектеп
1 №54 мектеп-лицей
2 №75 мектеп-гимназия
3 №68 орта мектеп
4 №41 орта мектеп
5 №29 орта мектеп
6 №70 мектеп-лицей
7 №28 мектеп-лицей
8 №14 мектеп-гимназия
9 №7 мектеп-гимназия
10 №15 мектеп-лицей
11 №42 орта мектеп
12 №1 мектеп-лицей
13 №25 орта мектеп
14 №53 мектеп-лицей
15 №50 мектеп-лицей
16 №5 гимназия
17 №73 мектеп-лицей
18 №36 орта мектеп
19 №71 мектеп-лицей
20 №40 орта мектеп
21 №9 дарынды балаларға арналған Зерде мектебі
22 №77 мектеп-гимназия
23 №19 орта мектеп
24 №20 орта мектеп
25 №18 орта мектеп
26 №83 мектеп-гимназия
27 №84 мектеп-лицей
28 №76 мектеп-лицей
29 №44 орта мектеп
30 №45 орта мектеп
31 №13 орта мектеп
32 №43 орта мектеп
33 №2 Қосшы орта мектебі
34 Орта мектеп, Қоянды ауылы
35 №23 жалпы орта білім беру мектебі
36 №58 орта мектеп
37 №78 мектеп-гимназия
38 №86 мектеп-гимназия

"Казгылым ғылыми орталығы" ЖШС/balapay компаниясы қызмет көрсететін мектептер

Мектеп
1 №2 мектеп-гимназия
2 №3 мектеп-гимназия
3 №4 мектеп-гимназия
4 №10 мектеп-гимназия
5 №17 мектеп-гимназия
6 №21 орта мектеп
7 №22 мектеп-гимназия
8 №24 орта мектеп
9 №26 мектеп-гимназия
10 №30 мектеп-гимназия
11 №31 мектеп-гимназия
12 №32 мектеп-гимназия
13 №34 орта мектеп
14 №35 мектеп-лицей
15 №37 мектеп-лицей
16 №38 мектеп-лицей
17 №48 мектеп-лицей
18 №49 орта мектеп
19 №51 мектеп-гимназия
20 №52 мектеп-гимназия
21 №55 орта мектеп
22 №56 мектеп-лицей
23 №59 мектеп-лицей
24 №60 мектеп-лицей
25 №61 орта мектеп
26 №62 мектеп-лицей
27 №63 мектеп-гимназия
28 №64 мектеп-лицей
29 №65 мектеп-гимназия
30 №66 мектеп-лицей
31 №67 мектеп-гимназия
32 №69 мектеп-гимназия
33 №72 мектеп-лицей
34 №74 мектеп-гимназия
35 №79 мектеп-лицей
36 №80 мектеп-гимназия
37 №82 Дарын мамандандырылған лицейі
38 №85 мектеп-лицей
39 №17 мектеп-гимназия
40 №26 мектеп-лицей
41 №57 орта мектеп
42 №84 мектеп-лицей