Жария шарт

Нұр-Султан қаласының қалалық және қала маңы бағыттарында
жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт

Басты бетке

 

Осы Жария шарт/Жария оферта (бұдан әрі – Жария шарт) «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Жүйе операторы) жеке тұлғамен (бұдан әрі – Пайдаланушы/Жолаушы) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жол жүру мен багажды төлеу бойынша қызметтер көрсету шартын жасасу жөніндегі ресми ұсынысы болып табылады.

Жария шарт Пайдаланушы/Жолаушы осы Жария шартта көзделген және қосылу шартымен қандай да бір алып қоюсыз немесе шектеулерсіз Жария шарттың барлық талаптарын сөзсіз қабылдауды білдіретін іс-әрекеттерді жасаған сәттен бастап жасалды деп есептеледі және күшіне енеді.

 

Терминдер мен анықтамалар

 

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (бұдан әрі – ЖТЭЖ) – қоғамдық көлікте жол жүру мен багажды электрондық төлеуді қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, программалық-аппараттық кешеннің (программалық қамтаманың, компьютерлік және шеткері жабдықтың), стационарлық және борт жабдығының ұйымдық-реттелген жиынтығы.

Қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын, ЖТЭЖ жабдықтарымен жарақтандырылған жалпы пайдаланымдағы көлік.

Тасымалдаушы – меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралына иелік ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін ақыға немесе жалданып тасымалдауды жүзеге асыратын, ЖТЭЖ жабдықтарымен жарақтандырылған жеке немесе заңды тұлға.

Пайдаланушы/Жолаушы – Жүйе операторының, сондай-ақ Тасымалдаушының қызметтерін пайдаланатын және ЖТЭЖ арқылы қолма-қол және/немесе қолма-қол емес нысанда жол жүру мен багажды төлеуді не қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервистерін пайдалана отырып ақы төлеуді жүзеге асыратын жеке тұлға.

Жүйе операторының қызметтері – Жүйе операторы Қоғамдық көлікте қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілмен жол жүру және багаж ақысын қабылдау бойынша көрсететін қызметтер.

 

Борттық түйіспесіз валидатор (бұдан әрі – Валидатор) – Көлік картасының немесе Көлік билетінің не басқа да электрондық құрылғылардың жадында сақталатын ақпаратты оқуға, қоғамдық көлікте жүруді тіркеуге (валидацияға) арналған мамандандырылған құрылғы.

Жүргізуші консолі (бұдан әрі – Консоль) – Көлік картасының немесе Көлік билетінің не басқа да электрондық құрылғылардың жадында сақталатын ақпаратты оқуға, жол жүру мен багажды төлеудің қолма-қол нысаны кезінде Қоғамдық көлікте жүруді тіркеуге (валидацияға) арналған, бір жолғы билетті басып шығаратын мамандандырылған құрылғы.

Валидация – Көлік картасын немесе Көлік билетін не басқа да электрондық құрылғыларды Валидаторға немесе Консольге түйістіру арқылы Пайдаланушы/Жолаушы жүзеге асыратын жол жүру төлемін тіркеу.

Электрондық көлік картасы (бұдан әрі – Көлік картасы) – Валидатор немесе Консоль арқылы Қоғамдық көлікте барлық санаттағы Пайдаланушылардың/Жолаушылардың жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу бойынша операциялар жасауына арналған түйіспесіз смарт-карта.

Көлік картасы мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Көп рет толтырылатын көлік картасы;

2. Пайдаланылуы шектеулі көлік картасы (Көлік билеті);

3. Жеңілдігі бар көлік картасы (атаулы);

4. Мектеп көлік картасы (атаулы).

5. Кобрендинг картасы;

6. Карталардың өзге түрлері.

Көлік билеті – Пайдаланушы/Жолаушының жол жүруін қолма-қол ақшасыз төлеу бойынша операциялар жасауға арналған түйіспесіз қағаз көлік картасы, оның чипіне өзіне-өзі қызмет көрсету RTVM-автоматтары арқылы қолма-қол ақша енгізген кезде қалалық қатынас маршруттарында жол жүру үшін төленген тарифтік сапарлардың шектеулі саны туралы ақпараты жазылады.

Көлік әмияны – бұл Қоғамдық көлікте белгіленген тарифтер бойынша қолма-қол ақшасыз төлем жасауға арналған Көлік картасының сервистік функциясы. Көлік әмиянын толықтыру өзіне-өзі қызмет көрсету RTVM-автоматтары және Мамандандырылған кассалар арқылы Көлік картасының чипіне бірліктер ретінде қолма-қол ақша енгізу тәсілімен жүзеге асырылады. Енгізілген ақша бірліктерге айырбасталады, мұнда 1 бірлік 1 теңгеге тең.

Кобрендинг картасы – жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалану үшін Көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.

Жол жүру құжаты (билет) – қағаз немесе электрондық нысандағы құжат, оны ресімдеу арқылы Пайдаланушының/Жолаушыны тасымалдау шарты жасалады.

Бір жолғы жол жүру құжаты (билет) – Жолаушыға Қоғамдық көлікте жол жүру құқығын беретін Консоль арқылы қолма-қол төлем жасау үшін Жолаушы сатып алатын жол жүру құжаты.

Бір жолғы жол жүру құжаты (балалар билеті) – 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған тариф бойынша Консоль арқылы қолма-қол төлем жасау үшін Жолаушы сатып алатын, Жолаушыға Қоғамдық көлікте жол жүру құқығын беретін жол жүру құжаты.

Бір жолғы багаж құжаты (билет) – Консоль арқылы қолма-қол төлем жасау үшін Жолаушы сатып алатын және Жолаушыға Қоғамдық көлікте багажды алып жүру құқығын беретін багаж билеті.

«SMS төлем» – ұялы оператор Пайдаланушыға/Жолаушыға берген абоненттік нөмірден (бұдан әрі – Абоненттік нөмір) балансты одан әрі есептен шығара отырып, Пайдаланушы/Жолаушы жүзеге асыратын Қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің (7 жастан 15 жасқа дейінгі жолаушылардың жол жүруіне ақы төлеуді қоспағанда) қосымша сервисі.

«QR-код» бойынша төлем–Пайдаланушының/Жолаушының банктік картасына байласқан мобильдік қосымша арқылы немесе Абоненттік нөмірден балансты есептен шығару арқылы Пайдаланушы/Жолаушы жүзеге асыратын Қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің (7 жастан 15 жасқа дейінгі жолаушылардың жол жүруіне ақы төлеуді қоспағанда) қосымша сервисі.

RTVM-автомат – Көлік карталары мен Көлік билеттерін сату немесе Көлік карталары балансын толықтыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету автоматы.

Кредиттік чек – Пайдаланушының RTVM-автоматқа соманы енгізгенін растайтын, Көлік картасының балансын сәтсіз толықтырған кезде берілетін төлем құжаты.

Орталық мамандандырылған касса (бұдан әрі – Орталық касса) – Көлік карталарын (атаулы) шығаруды және беруді, Көлік карталарын сатуды және толықтыруды, ақша қаражатын қайтаруды, істен шыққан Көлік карталарын және Көлік карталарын (атаулы) қабылдауды және ауыстыруды жүзеге асыратын Пайдаланушыларға қызмет көрсету кассасы.

Мамандандырылған касса – Көлік карталарын сатуды және Көлік карталарын толықтыруды жүзеге асыратын Пайдаланушыларға қызмет көрсету кассасы.

Жедел толықтыру сервисі – Жүйе операторының ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ жедел толықтыру пункттерінде (RTVM-автоматтар желісі арқылы) және арнайы кассалар желісі арқылы Жүйе операторы көрсететін Көлік карталарын толықтыру сервисі (http://ipaycard.kz).

Қашықтан толтыру сервисі – Көлік картасының нөмірін енгізу, қолма-қол ақша енгізу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы төлем терминалдары және төлем ұйымдары (QIWI, Kaspi.kz, Касса24, Tenge, WOOPPAY және т. б., интернет-банкингтер, epay.transcard.kz) көрсететін сервис.

Жүйе операторының уәкілетті қызметкері –Пайдаланушылардың/ Жолаушылардың Қоғамдық көлікте жол жүру мен багажды төлеу фактісі бойынша мониторинг жүргізетін қызметкер.

Уәкілетті қызметкердің терминалы – Көлік картасының немесе Көлік билетінің жадында сақталатын ақпаратты оқуға арналған, Қоғамдық көлікте жол жүру және валидация жасау фактісіне мониторинг жүргізуге арналған мамандандырылған тасымалды жабдық.

Жүйе операторының сайты – Интернет желісіндегі Жүйе операторының электрондық ақпараттық ресурсы: www.alrt.kz, www.transcard.kz.

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Жария шарт – талаптарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Жүйе операторы дербес белгілейтін шарт болып табылады.

1.2. Пайдаланушының/Жолаушының жол жүру мен багажды қолма-қол ақшамен төлеу үшін Көлік карталарын және жол жүру құжаттарын (Билеттерді) сатып алыу және пайдалануы, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу немесе Қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервистері көмегімен төлеу арқылы іс-қимыл жасауы Осы Жария шартты қабылдау болып табылады.

1.3. Қызметтер туралы ақпарат Жүйе операторының ресми сайттарында орналастырылады, ол Пайдаланушының назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген құралдармен және тәсілдермен жеткізілуі мүмкін.

2. Шарттың мәні

 

2.1. Жүйе операторы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Пайдаланушыларға жеке тұлғаның Жария шарттың барлық талаптарын сөзсіз қабылдауын білдіретін жол жүру мен багажды ұлттық валютамен қолма-қол ақшамен төлемін, Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз төлемін немесе жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервистері арқылы төлемін қабылдау қызметтерін көрсетеді.

 

3. Жол жүру және багажды төлеу тәртібі

 

3.1. Жол жүру мен багажды төлеудің негізгі тәсілдері:

3.1.1. жол ақысын төлеудің қолма-қол ақшасыз тәсілі Валидатор немесе Консоль арқылы Көлік картасымен немесе көлік билетімен валидация арқылы жүзеге асырылады;

3.1.2. жол ақысын төлеудің қолма-қол тәсілі Жолаушының Консоль арқылы қолма-қол төлем жасау үшін Бір жолғы жол жүру құжатын (билетін) сатып алуы арқылы жүзеге асырылады;

3.1.3. багажды алып жүруге ақы төлеудің қолма-қол тәсілі Жолаушының Консоль арқылы қолма-қол төлем жасау үшін Бір жолғы жол жүру құжатын (билетін) сатып алуы арқылы жүзеге асырылады.

3.2. Жол ақысын төлеудің қосымша тәсілдері:

3.2.1. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің «SMS-төлем» қосымша сервисін пайдалану арқылы Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу әрбір Қоғамдық көлікте орналастырылған бес таңбалы көлік кодын көрсете отырып, «2505» нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады, жол ақы сомасы Абоненттік нөмір балансынан алынады.

Пайдаланушыға/Жолаушыға Абоненттік нөмірге мынадай ақпаратты қамтитын төлем туралы SMS келеді: билеттің нөмірі, сомасы, төлеу күні мен уақыты, мемлекеттік нөмірі көрсетілген көлік коды.

Пайдаланушы / Жолаушы үшін жол ақысын төлеу мүмкіндігі шектелмейді, тек 1 (бір) минутта 1 (бір) төлем жасалады. Сұрау салуды өңдеу уақыты – 1 (бір) минутқа дейін.

«SMS төлем» сервисі басқа жолаушы үшін де жол ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Абоненттік нөмірге төлем туралы SMS хабарлама келмеген жағдайда, Пайдаланушы/Жолаушы соңғы төленген электрондық билеттің көшірмесін «2505» қысқа нөміріне «bilet» немесе «билет» деген сөздермен SMS хабарлама жібере отырып, тегін сұрай алады;

3.2.2. «QR-код» жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервисін пайдалану арқылы Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу банктік картаға немесе Абоненттік нөмір балансына байласқан мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады. «QR-код» көрсетілген жапсырма әрбір көлікке жапсырылған.

3.3. Егер Пайдаланушы/Жолаушы жол ақысын 3.1-тармақта көрсетілген тәсілдермен жүргізе алмаса, онда Пайдаланушы/Жолаушы осы Жария шарттың 3.2-тармағында көрсетілген кез келген басқа тәсілдермен төлем жасауға міндетті.

3.4. Егер Пайдаланушы / Жолаушы 3.2-тармақта көрсетілген қандай да бір тәсіл бойынша жол жүру үшін төлем жасай алмаса, онда Пайдаланушы/Жолаушы төлемді осы Жария шарттың 3.1-тармағында көрсетілген кез келген басқа тәсілдермен жүргізуге міндетті.

* ЖТЭЖ-да пайдаланылатын көлік карталарын сатып алу және пайдалану қағидалары, сондай-ақ жол ақысын төлеудің қосымша сервистерін пайдалану шарттары мен қағидалары Жүйе операторының ақпараттық ресурстарында орналастырылған: www.alrt.kz, www.transcard.kz.

 

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

4.1. Жүйе операторы:

4.1.1. Көлік картасын (атаулы) үшінші тұлғалар пайдаланған жағдайда, көлік картасын алып қоюға және бұғаттауға құқылы. Алып қою кейіннен 2 данада Алып қою туралы акт ресімделе отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіледі;

4.1.2. Пайдаланушылардың/Жолаушылардың Қоғамдық көлікте жол жүру мен багажды төлеу фактісі бойынша мониторинг жүргізуге;

4.1.3. Қоғамдық көлікте жол жүруді және/немесе багажды алып жүруді төлемеген Жолаушылар анықталған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 622-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасайды;

4.1.4. осы Жария шарттың талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге не оның қолданылуын соттан тыс тәртіппен бір жақты тоқтатуға;

4.1.5. Көлік картасының құнына өзгерістер енгізуге;

 

4.1.6. Пайдаланушының/Жолаушының Жүйе операторының қызметіне жатпайтын мәселелер бойынша телефон байланысы арқылы бірнеше рет жүгінуін болдырмау үшін және/немесе Пайдаланушы/Жолаушы этикалық нормаларды бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жүйе операторына келіп түсетін кіріс қоңырауларын жазуды жүзеге асыруға құқылы.

4.1.7. Мынадай жағдайларда Көлік картасын бұғаттауға:

4.1.7.1. Көлік карталарының бүтіндігі физикалық өзгерген кезде (қосымша символдар салынғанда, дизайн мен сыртқы түрі өзгергенде, бүтіндігі мен нысаны өзгергенде);

4.1.7.2. экстремалды төмен және/немесе жоғары температура, термиялық және химиялық өңдеу, электромагниттік өрістер мен электр разрядтардың әсері кезінде;

4.1.7.3. карталарға құрамында металл бар экрандайтын радиосигнал жабындар салынған кезде немесе олар қаптарға немесе экрандаушы материалдары бар және карталарға қызмет көрсету кезінде карталар мен терминалдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін басқа да құралдар орналастырылған кезде;

4.1.7.4. картадағы ақпаратты рұқсатсыз оқу, көшіру және модификациялауды қоса алғанда, карта тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмағанда, карталардың көшірмелері мен дубликаттары жасалған кезде.

 

4.2. Жүйе операторы:

4.2.1. осы Жария шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға;

4.2.2. өз функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

 

4.3. Пайдаланушы/Жолаушы:

4.3.1. Жүйе операторының қызметтерін осы Жария шартта белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға;

4.3.2. жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жарамсыз болған жағдайда, жол ақысын электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы төлеген кезде тегін жол жүруге;

4.3.3.Қоғамдық көлік желіден шығып қалған жағдайда, Пайдаланушыларға/Жолаушыларға берілген Көлік картасы, Көлік билеті не басқа электрондық құрылғылар арқылы, сондай-ақ жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервистері арқылы жол жүруді және/немесе багажды төлеу кезінде жүргізілген валидациялар сол маршруттағы желіден шығып қалған көлік құралынан кейін келе жатқан көлік құралында жарамды болады, бұл ретте ақша қаражаты қайтарылмайды.

 

4.4. Пайдаланушы/Жолаушы:

4.4.1. Қоғамдық көлікте жол жүру үшін Көлік картасын, Көлік билетін пайдалануға немесе жол ақысын қолма-қол ақшасыз электрондық төлеудің қосымша сервистерін пайдалануға немесе жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеуге;

4.4.2. Көлік картасын қашықтан толтырғанда, Жүйе операторының ресми сайтындағы нұсқаулыққа сәйкес төлемді қосуды өз бетінше жүзеге асыруға;

4.4.3. Қоғамдық көлікке отыру кезінде жол жүру мен багажды қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеуді дербес жүзеге асыруға;

4.4.4. жол ақысын төлеу үшін Көлік картасында жеткілікті қаражатты қамтамасыз етуге;

4.4.5. Көлік картасын лотереяларды, дауыс беруді, викториналарды, жарнаманы таратуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуға әкеп соғатын басқа да іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланбауға;

4.4.6. Жүйе операторының уәкілетті қызметкерінің талап етуі бойынша жол ақысын төлеу фактісі бойынша мониторинг жүргізу үшін қажетті Көлік картасын, Көлік билетін, жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;

4.4.7. Жүргізушіге, Қоғамдық көлік консультантына не Жүйе операторының Уәкілетті қызметкеріне жол ақысын электрондық төлеудің қосымша сервистер көмегімен төлеу арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлем растамасын ұсынуға міндетті.

 

5. Тараптардың жауапкершілігі

 

5.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шарттың ережелеріне сәйкес жауапты болады.

5.2. Жүйе операторы:

5.2.1. Пайдаланушының/Жолаушының кездейсоқ, тікелей емес зиянмен байланысты ықтимал шығындары, соның ішінде, шектеусіз, Пайдаланушының/Жолаушының пайданы жоғалтуымен, іскерлік белсенділігінің үзілуімен және Қызметтерді пайдалану кезінде туындайтын басқа да материалдық шығындармен байланысты зиян;

5.2.2. Тасымалдаушының жұмысты үзуі, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері, сол сияқты Жүйе операторына байланысты емес себептер бойынша, соның ішінде еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей: жарияланған немесе жарияланбаған соғыс, азаматтық соғыс, тәртіпсіздік және көтеріліс, қарақшылық актілері, ереуілдер, дүлей апаттар, дауылдар, циклондар, дауыл желдер, жер сілкінісі, цунами, су тасқыны, найзағайдың салдарынан қирау, жарылыстар, өрт, байланыс желілеріндегі авариялар/іркілістер, ғимараттардың, құрылыстардың және кез келген қондырғылардың, желілердің, телекоммуникациялық жабдықтардың бұзылуы, заңнамалық актілердің ережелері, осы жария Шарттың талаптарын орындауға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың әрекеттері салдарынан орын алған осы Жария шарттың талаптарын өзге де орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны;

5.2.3. Қоғамдық көліктің маршрутта сынып қалуы, үшінші тұлғаларға зақым келу немесе ЖТЭЖ жабдығын тиісінше пайдаланбау салдарынан көрсетілетін Қызметтердің нашарлауы/көрсетілмеуі;

5.2.4. кез келген ақпарат түрін тарату және үшінші тұлғалардың Пайдаланушыға/Жолаушыға келтірген кез келген зияны;

5.2.5. Пайдаланушыға/Жолаушыға консультациялар (ауызша және/немесе жазбаша) көрсету салдарынан пайда болған Пайдаланушы/Жолаушы үшін мүмкін болатын жағымсыз салдар;

5.2.6. Пайдаланушының/ Жолаушының жеке болжамдарына және оның субъективті бағаларына сәйкес келмегені;

5.2.7. Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезіндегі Тасымалдаушы қызметкерлерінің іс-әрекеттері үшін жауапты болмайды.

5.3. Пайдаланушы/Жолаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегені және / немесе уақтылы төлемегені үшін толық жауапты болады.

5.4. Жолаушыны Қоғамдық көлікте тасымалдау үшін Тасымалдаушы жауапты болады.

 

6. Жария шарттың күшіне ену, оны бұзу және талаптарын өзгерту тәртібі

 

6.1. Осы Жария шарт ол БАҚ-та алғаш жарияланған немесе Жүйе операторының ресми сайттарында орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе осы Жария шарттың талаптарына сәйкес ол тоқтатылғанға дейін қолданылады.

6.2. Осы Жария шарт жарияланған немесе орналастырылған күннен бастап Пайдаланушыға осы Жария шартта көзделген талаптар қолданылады. Қоғамдық көлікті пайдаланушылардың пайдалануы осы Жария шарттың талаптарын сөзсіз қабылдауын және оның жалпы алғанда, осы Жария шартқа қосылуын білдіреді.

6.3. Осы Жария шарт осы Жария Шарттың және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бұзылуы мүмкін.

6.4. Жүйе операторы бір жақты тәртіппен Жүйе операторының ресми сайттарына орналастыру немесе осы Жария шарттың өзгертілген редакциясын БАҚ-та жариялау арқылы осы Жария шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгерістер және / немесе толықтырулар Жүйе операторының ресми сайттарына орналастырылған немесе олар БАҚ-та жарияланған сәттен бастап қолданылады.

6.5. 2016 жылғы 20 қыркүйектегі Жария шарттың күші жойылды деп танылсын.

 

7. Ерекше шарттар

 

7.1. Көлік карталарын сатып алу/алу кезінде Пайдаланушы Жүйе операторына және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына заңды негізде жинау және пайдалану қажет болатын Пайдаланушы туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Пайдаланушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге өзінің келісімін білдіреді.

7.2. Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Реттеу мүмкін болмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жүйе операторының орналасқан жері бойынша сот тәртібімен реттеледі.

7.3. Осы Жария шартта айтылмаған барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

7.4. Осы Жария шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Әркелкі оқылған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

7.5. Егер осы Жария шарт талаптарының кез келгені қазір немесе болашақта толық немесе бір бөлігінде заңсыз, жарамсыз немесе қолданылмайтын болып табылса, онда бұл талап осы Жария шарттың кез келген басқа талаптарының толық немесе бір бөлігіндегі заңдылығына, жарамдылығына және қолданылуына әсер етпейді.