Нұр-Сұлтан қаласында Тасымалдаушылардың шешімі бойынша, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап, SMS төлемі өшірілді
Артқа
Құрметті жолаушылар, 1 мамырдан бастап көлік кодын SMS-пен жолдау арқылы жолақыны төлеудің қолма-қол ақшасыз қызметі өшірілетінін естеріңізге саламыз.
⠀
Бұл қызметті өшіру туралы шешім Тасымалдаушылардың жол ақысын төлеуден бас тартатын жолаушылар туралы көптеген өтініштері негізінде қабылданды. Кейбір жолаушылар осылайша тексерушілерді көргенде ғана SMS көрсетеді. Сондай-ақ байланыс операторларының қызметіндегі жиі орын алатын ақаулықтар да себеп болды.
⠀
Қызметтің өшірілуі туралы ақпаратты байланыс операторларына өткен жылғы желтоқсанда хабарладық. Оларға өз қосымшаларында QR-код арқылы төлем функциясын енгізуге уақыт берілді. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік барлық қосымшаларда бар және пайдалануға дайын.
⠀
Статистикаға келетін болсақ, 2020 жылы QR кодымен төлемдер үлесі елордадағы жалпы жолаушылар легі көлемінде 15,6% құрады, SMS - 12,4%. 2021 жылы QR-код арқылы төлемдер үлесі 29% құрайды, ал SMS арқылы төлемдер үлесі - 12%.