Көлік карталарын шығару және қайта шығару құнының өзгеруі

Артқа

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп, жеңілдігі бар және азаматтардың барлық санаттары үшін көлік карталарын шығару және қайта шығарудың бағасы 500 тг. болады. Бұл карталарды шығаруға жұмсалатын материалдар құнының артуымен байланысты. Көлік картасының бағасы оны дайындау кезіндегі доллардың теңгеге шаққандағы бағамына, бұзып ұрлаудан көп деңгейлі сақтау жүйесі бар NXP чипін қолдануда, пайдаланылатын жабдықты жөндеу және техникалық қамтамасыз етуге кететін шығынға, тіркелу, фотосурет секілді басқа да мәліметтерді енгізу үшін жұмсалатын шығыннан құралады.


Бұған дейін сатып алынған карталар жарамды және оларды ауыстырудың қажеті жоқ.


Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі (ЖТЭЖ) 2016 жылы енгізілген. Көлік картасының бағасы 400 теңге деңгейінде бекітілді. Ол бірнеше девальвация кезінде де өзгерген жоқ.


Бүгінде елордада қоғамдық көлікте жол ақысын түрлі тәсілмен төлеуге болады: көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу арқылы, QR-кодты сканерлеу арқылы, мобильдік қосымшаларда көлік кодын енгізу арқылы, банк картасымен, сондай-ақ биометрикалық мәліметтерді пайдалану арқылы.


Соңғы бір жарым жылдың ішінде жолаушылардың SMS/QR-код күнделікті пайдаланудың үлесі 33-35% құрады, яғни әр үшінші сапар SMS/QR-код арқылы жасалады. Ол үшін жол ақысын төлеудің бірнеше түрлері ұсынылады: 5 байланыс операторы мен 10 мобильдік қосымша бар. Қоғамдық көлік пайдаланушылары үшін әртүрлі акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастырылады.


Осы күнге дейін шығарылған көлік карталарының саны 2 млн. жетті.
Солардың ішінде елордамызда және қала маңында тұратын 155 мыңдай азамат жеңілдігі бар көлік карталарымен қамтамасыз етілген. Елордамызда жеңілдігі бар тұлғалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.


Сондай-ақ барлық мектеп оқушыларына атаулы көлік карталары берілген – 200 мыңнан астам. Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңында тұратын және оқитын 18 жасқа толмаған балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Мектеп көлік картасына валидацияны міндетті түрде жасау керек.
Еске сала кетейік, мектеп және жеңілдігі бар көлік карталарын шығаруға байланысты өтінімді https://transcard.kz сайтында немесе Қошқарбаев д-лы, 50/1 мекенжайында орналасқан CTS Орталық кассасында қалдыра аласыз.

Көлік карталарын шығару және қайта шығару құнының өзгеруі