Енді Altel және Tele2 абоненттері SMS арқылы жол ақысын төлей алады

Артқа

Егер бұрын SMS төлем арқылы жол жүру тек Activ/Kcell, Beeline абоненттері үшін қол жетімді болса, енді жолаушыларға ыңғайлы болу үшін біз байланыс операторларының тізімін кеңейттік. Енді Altel және Tele2 абоненттері SMSBUS қызметін пайдалана алады. 

Естеріңізге сала кетейік, SMS арқылы жол жүру үшін 2505 қысқа нөміріне автобустың кодын жіберу керек. Автобустың кодын автобустың салонындағы жапсырмалардан таба аласыз. Сіздің телефоныңызға электронды чекпен SMS келеді. Жол жүру құны Астана қаласының қоғамдық көліктері үшін бекітілген қала тарифіне сәйкес келеді және 90 теңгені құрайды.

Енді Altel және Tele2 абоненттері SMS арқылы жол ақысын төлей алады