Елордада Mastercard карталарымен жолақысын төлеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Артқа18 желтоқсанда елорда қоғамдық көлік бағдарының бірінде Mastercard банк карталарымен жол жүру ақысын төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды.
Аталмыш пилоттық жоба №32 бағдар автобустарында жұмыс істейді.
Жолақысын кез келген банктің Mastercard байланыссыз банктік карталарымен, сондай-ақ Mastercard-тың байланыссыз төлем жасау технологиясымен жабдықталған NFC-құрылғылармен (ұялы телефондар, қол сағаттары, білезіктер және т.б.) төлеуге болады.
Жолақысын төлеу үшін картаны немесе NFC құрылғысын валидатор жанында орналасқан арнайы терминалға қойып, дыбыс сигналы мен төлем туралы хабарды күту керек.
Mastercard картасымен төлеу кезіндегі сапардың құны 90 ₸ құрайды.
Сервис туралы қосымша ақпаратты және Mastercard картасымен жүру төлемдеріңізді www.transcard.kz сайтында көре аласыздар.