Достар, жақсы жаңалық!

Артқа

Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын отбасылардың балалары "Transcard"  мектеп көлік карталары арқылы қаржылай көмек ала алады. 

«PolyArt Company» ЖШС, "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" ММ және "Атамекен" ҚР ҰКП бірге әзірленген "Всеобуч" қорының қаражатын автоматтандырылған үлестіру жобасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс қаржылай және өзге көмек көрсетіледі. Бұл "Всеобуч Қамқор" электронды жүйесі арқылы жасалады.
Әлуметтік педагогтар бұл жүйеге өз мектептеріндері әлеуметтік осал топтарына жататын оқушылар туралы ақпарат енгізеді.

Әр сауда орны NFC функциясы бар смартфонмен және жоба аясында жасалған қосымшамен қамтамасыз етіледі. 


Сатушы телефон арқылы:

  • көлік картасынан қолжетімді ақшаны тексереді; 
  • оқушы таңдап алған тауардан сатып алынған заттардың тізімін жасайды;
  • көлік картасын телефонға жақындатқан кезде, сатушы тауар сомасын есептеп алады; 
  • шотта қаражат жетіспеген жағдайда,  сатушы жеңілдік бере алады немесе қолма-қол ақшамен/картамен қосымша төлемді ала алады.

Аталған жоба аясында мектеп көлік карталары оқушыларды анықтау құралы ретінде ғана пайдаланылады. 

Ақшалай қаражат "Всеобуч Қамқор" электронды порталында "Әлеуметтік бірліктер" түрінде аударылады. 

Мектеп көлік карталарын жасау үшін Қошқарбаев д-лы 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан "City Transportation Systems" ЖШС Орталық кассасына бару керек. Көмек алу үшін және мектеп көлік картасына "Әлеуметтік бірліктерді" аударуға өтінішті қалдыру үшін оқу орнындағы әлеуметтік педагогке немесе 556-960, 550-179 нөмірлері бойынша хабарласу керек.

Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мектеп көлік картасына transcard.kz сайтында онлайн тапсыпыс беруге болады.

Достар, жақсы жаңалық!