Аудан әкімдерінің xалықпен есеп беру кездесулері

Артқа

Аудан әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерінің басталғанына бүгін үшінші күн. Бұл кездесулерге «Астана LRT» қызметкерлері де қатысады. Осындай іс – шаралар тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдай отырып, халықтан кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Біздің қызметкерлер халықпен жыл бойы кездессе де, осындай қорытынды шығарып, тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беру ешқашан артық болмайды.
Тұрғындардың белсенділігі арқасында өткен жылы қоғамдық көлікке қатысты бірқатар мәселелер шешілді. Бұл жолы 21-22 қаңтарда Өндіріс, Көктал 1 және Көктал 2 тұрғын алабтарының тұрғындарымен өткен кездесулер де бұрынғы тәртіппен өтті. Кейбір мектептерді көлікпен қамтамасыз ету туралы және аялдама пункттерін қосу және көшіру туралы өтініштер, басқа да мәселелер болды. Біз осындай мәселелерді талқылауға әрдайым ашықпыз. Қойылған сұрақтардың бәрі бақылауға алынып, мүмкіндігінше шешіледі.
Алда әлі бірқатар кездесулер бар. Біздің қызметкерлер көлік саласына қатысты барлық мәселелерді тыңдауға дайын.
Ал біздің елорда тұрғындарына, өз кезегінде, келіп, белсенді қатысуға уақыт тапқандары үшін үшін алғыс білдіреміз.
Аудан әкімдерінің xалықпен есеп беру кездесулері