Заңды тұлғаларға
Корпоративтік порталға өту«City Transportation Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлғаларға Астана қаласының қоғамдық көлігінде жүруге құқық беретін көлік смарт-карталарын толтыру бойынша қызметін ұсынады:
- Көліктік смарт-картаның бір бірлігін «Айлық жол жүру Қала» тарифі бойынша бір айға толтыру - 7 500 теңге;
- Көліктік смарт-картаның бір бірлігін «Айлық жол жүру (Қала + қала маңы)» тарифі бойынша бір айға толтыру - 9 500 теңге.
Сондай-ақ, көлік смарт-карталарын сатып алу мүмкіндігі бар - 1 бірлік үшін 1000 теңге.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қызметтерді және тауарларды сатып алмайтын заңды тұлғалар көлік смарт-карталарын толтыру қызметі туралы келісімшарт, ал қажет болған жағдайда көлік смарт-карталарын сату туралы келісімшарт жасасуы керек.(Қажетті типтік келісімшартты 2 данада жүктеп алыңыз, бос жолдарды толтырыңыз, басшыға қол қойғызып, мөр қойыңыз. Дайын құжаттарды Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекен-жайы бойынша «City Transportation Systems» ЖШС Отрлаық кассаға тапсыру қажет).
Үлгілік келісімшарттар, сондай-ақ баға ұсыныстары мен техникалық сипаттамалары төменде жүктеуге қол жетімді:
- 2024 жылға арналған көлік смарт-карталарын толтыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт
- 2024 жылға арналған көлік смарт-карталарын сату туралы шарт
- Көлік карталарды толтыру бойынша қызметтің техникалық ерекшелігі 2024ж.
- Көлік карталарды сатып алу бойынша қызметтің техникалық ерекшілігі 2024 ж.
Консультациялар мен келісімшарттар жасасуға байланысты кері байланыс және корпоративті порталдағы сұрақтар бойынша бізге esf@cts.gov.kz электрондық поштасына немесе немесе 577-177 (198 ішкі нөмірлеріне) телефонына хабарласыңыз.
- сауалнаманы толтыру, үшін қол қою және мөр басу керек. (Сауалнаманың сілтемесі)
- сауалнаманың сканерленген нұсқасын esf@cts.gov.kz электронды мекен-жайына жіберіңіз, содан кейін сіздің поштаңызға https://portal.avtobys.kz жеке кабинетінен логин мен пароль жіберіледі.
Төлеуге арналған шотты, шот-фактураны және көрсетілген қызмет актілерін сұрауға қатысты сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 577-177 (ішкі нөмір 101, 230,119), немесе мекен-жайы бойынша: Астана, Р.Қошқарбаев даңғылы, 50 / 1 (жұмыс уақыты: сенбі-жексенбі 9: 00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс) немесе astana.lrt@mail.ru поштасы арқылы.