2018 жылдың қазан айында «Еуразиялық банк» АҚ , Mastercard және CTS жаңа бірлескен өнім – Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысынтөлеу үшін CTS ко-бренд картасын шығарды.
Карта Eurasian Bank ұсынған Mastercard Gold төлем карточкасының және СТЅ көлік картасының гибридін білдіреді.
Картаны ашқан кезде екі шот жасалады:
- Әдеттегі банктік шот.
- Жеке виртуалды көліктік әмиян.
Қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеу үшін виртуалды әмиянды толықтыру қажет. Оны арнайы кассаларда немесе RTVM-автоматтарда жасауға болады.
Сондай-ақ, картаны банктік шоттан Smartbank мобильді қосымшасы арқылы виртуалды әмиянның шотына аударумен толтыруға болады.
Бұл үшін:
- Smartbank қосымшасын ашыңыз немесе smartbank.kz сайтына кіріңіз.
- «Төлемдер» бөліміне өтіңіз.
- «Билеттерді төлеу (әуе, т/ж, кино)» таңдаңыз.
- Astana LRT табыңыз және жеке шот нөмірін — картаның кері жағындағы 10 таңбалы нөмірді енгізіңіз.
- Әмияны толтырыңыз.