"Астана LRT" ЖШС карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты келесіні хабарлайды

Басты бетке

"Астана LRT" ЖШС карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты келесіні хабарлайды:

Өздеріңізге белгілі, елорданың Жедел штабымен коронавирустың таралуының алдын алу бойынша  және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында елорданың қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Осыған байланысты, Сіздерден көлік карталарды "Айлық жол жүру (Қала) - 7500 тг." тарифімен сәуір айына корпоративтік порталда жіберілген өтінімдерге сәйкес толтыруға жазбаша келісім ұсынуды сұраймыз.

Өйткені айлық жол жүрумен толтырғаннан кейін, техникалық жағдайға байланысты қайтару мүмкін емес. Атап өту қажет, айлық жол жүру белгілі билеті бір күнтізбелік айға жол жүру мүмкіндігін береді. Баяндалғанның негізінде жазбаша келісімді esf@astanalrt.com поштасына  жіберуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, экспресс және қала маңындағы бағдарлардың қозғалысы 15 сәуірге (қоса алғанда) дейін тоқталғанын қосымша хабарлаймыз. Осы ақпаратты ескере отырып, ұйымдар көлік карталарын "Айлық жол жүру (Қала+Қала маңы) - 9500 тг.", "Айлық жол жүру (Қала+Экпресс) - 10 000 тг." және "Айлық жол жүру (Бірыңғай) - 13 500 тг." тарифтермен толтыруға жазбаша келісім жіберу немесе толтыруға өтінімдерді қабылдамау арқылы бас тарту қажет.

Шот-фактуралар толтыруға келісілген және мақұлданған өтінімдер бойынша ұсынылатын болады.