Мектеп көлік картасын алу үшін
құжаттар тізімі

Мектеп көлік картасының көмегімен тамақтану ақысын төлеу
Басты бетке

Алғашқы мектеп көлік картасын алу үшін қажетті құжаттар

Астана қаласының 7-ден 18-ге дейінгі оқушыларына:

  1. ЖСН нөмірімен баланың туу туралы куәлігі / Жеке куәлік (16 жастан асқан балаларға);
  2. Фото 3х4 түсті ақ фонда;
  3. Оқу орнынан анықтама.

Ескерту: Мектеп көлік картасын алғашқы шығару кұны 1000 теңгені құрайды.

Астана қ. қала маңы мектеп оқушыларына:

  1. ЖСН нөмірімен баланың туу туралы куәлігі / Жеке куәлік (16 жастан асқан балаларға);
  2. Фото 3х4 түсті ақ фонда;
  3. Мектептен анықтама, мектеп көлік картасын алғашқы шығару құны 1000 теңгені құрайды.

Мектеп көлік картасын қайта алу (телнұсқасы):
Мектеп көлік картасын қайта алған кезде барлық оқушылар үшін оқу орнына қарамастан тек баланың туу туралы куәлігі мен оқу орнынан анықтама талап етіледі. Қайта шығару (Телнұсқа) құны 2000 теңге.
Ескерту: Дайын мектеп немесе жеңілдікті көлік карталарын беру жеке куәлігі/зейнетақы куәлігі бар тек қана кәмелетке толған тұлғаларға Орталық кассада жүргізіледі: Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 үй мекен-жайы бойынша. Жұмыс уақыты: дс. - сн.: 9: 00-18: 00, Түскі үзіліссіз.
Өтінім беру Мектеп көлік картасының көмегімен тамақтану ақысын төлеу