Көлік картасын

пайдалану ережесі

Басты бетке

Қалалық және экспресс автобустарда валидациядан өту тәртібі

Картаңызды валидатордың танығышына (сапар тіркеуші) түйістіріп, жарық индикаторлары жанғанша ұстап тұрыңыз (деректер алмасу 0,1 секундтан аспайды).

Ескерту. Есік алдында жолаушылар жиналып, көлік қозғалысын тежемес үшін, көлік карталарын көлікке кірерде алдын ала дайындап қою қажет.

Жасыл индикатор: валидация (тіркеу) сәтті өтті, жолақы алынды. Дисплей экранына тариф, жолаушы саны, сәтті валидация күні мен уақыты шығады.

Қызыл индикатор: валидация өтпеді, жолақы қабылданбады. Дисплей экранына валидация өтпеуінің себебі көрсетілген мәтіндік ақпарат шығады:

  • ● Көлік картасында сапарда төлеуге теңгерім жоқ;
  • ● Карта бұғатталған.

Қала маңы автобустарында валидациядан өту тәртібі

1. Аймақты таңдаңыз

2. Таңдауыңызды растаңыз

3. Валидация жайын тексеріңіз

  1. Көлік әмияны қала маңы автобустарында F3A валидаторларында ҒАНА жұмыс істейді.
  2. Картаны валидаторға түйістіріп, жолақы қабылданғанға дейін алмаңыз.
  3. 1-түймемен қажетті келісімшартты таңдаңыз.
  4. 2-түймемен таңдауыңызды растаңыз.
  5. Таңдал расталғаннан кейін экранға Көлік әмиянынан жолақы сәтті төленгені туралы ақпарат шығады.
  6. Жолақы төлемі расталған соң, картаны танығыштан алуға болады.

Карта бойынша ақпарат алу

1. Түймені басыңыз

2. Теңгерімді тексеріңіз

1. Валидатордың оң жақтағы (i) «Ақпарат» түймесін басыңыз. Дисплей экранына одан арғы әрекеттер туралы ақпарат шығады.

2. Картаны валидаторға түйістіріңіз. Экранға теңгеріміңіз туралы ақпарат шығады. Әрқайсысы үшін тарифтік жоспардың атауы, қолданыс мерзімі көрсетіледі.

Көлік картасындағы тарифтерді қосу

НАЗАР аударыңыз! Төлемді өңдеуді Жеткізуші 24 сағат ішінде жүзеге асырады. Төлемді 15 күн ішінде іске қосу қажет, егер активациялау 15 күн ішінде өтпесе, төлем жүйемен автоматты түрде бұғатталады және төлемді қалпына келтіру орталық кассаға жазбаша өтінішпен жүгіну арқылы мүмкін болады.

Валидатордан тарифтерін қосу үшін:

  1. Картаны валидатордың немесе консольдің танығышына (сапар тіркеуші) түйістіріңіз.
  2. Картаны 3-5 секунд ұстап тұрыңыз.

✓ Ескерту: Осы мезгілде мәліметтер жолаушының көлік картасына жіберіліп, сатып алынған тариф жазылады.

✓ Ескерту: Мәліметтер дұрыс алмасуы үшін картаны танығышқа қатар түйістіру қажет.

Сатып алынған тарифтерді қосу кезінде валидатордың немесе консольдің дисплейіне шығуы мүмкін ақпараттық хабарлар:

«Толтырылды, Ok» – тариф көлік картасына сәтті жүктелгенін білдіреді

«Қолданылатын тариф жоқ» – тариф көлік картасына жүктелмегенін білдіреді. Негізгі себебі – автобус жүргізушісі ауысымды дұрыс жаппаған/ашпағандықтан, борттық құрылғыға (сапарды тіркеуші) жолаушының картасындағы тариф туралы мәліметтер жаңартылмады.

Жүргізушінің консолінен тарифін қосу үшін:

  1. Картаны валидатордың немесе консольдің танығышына (сапар тіркеуші) түйістіріңіз.
  2. Картаны 3-5 секунд ұстап тұрыңыз.

✓ Ескерту: Осы мезгілде мәліметтер жолаушының көлік картасына жіберіліп, сатып алынған тариф жазылады.

✓ Ескерту: Мәліметтер дұрыс алмасуы үшін картаны танығышқа қатар түйістіру қажет.

Сатып алынған тарифтерді қосу кезінде валидатордың дисплейіне шығуы мүмкін ақпараттық хабарлар:

«Толтырылды, Ok» – тариф көлік картасына сәтті жүктелгенін білдіреді.

«Қолданылатын тариф жоқ» – тариф көлік картасына жүктелмегенін білдіреді. Негізгі себебі – автобус жүргізушісі ауысымды дұрыс жаппағандықтан/ашпағандықтан, борттық құрылғыға (сапарды тіркеуші) жолаушының картасындағы тариф мәліметтері жаңартылмады.

RTVM автоматтаң сатып алынған тарифті қосу үшін көлік картаңызды «V» пішінді қалташаға 3-5 секундқа салыңыз.

✓ Ескерту: Осы мезгілде мәліметтер RTVM автоматтаң жолаушының көлік картасына жіберіліп, сатып алынған тариф жазылады.

Сатып алынған тарифтерді қосу кезінде RTVM автоматтың экранына шығуы мүмкін ақпараттық хабарлар:

«Баланс толтырылды» – тариф көлік картасына сәтті жазылғанын білдіреді.

Тарифтің картаға жазылуына тексеру үшін: көлік картасын қалташадан алып, қалташаға қайта салу қажет (жүйе картадағы ақпаратты оқып, мәліметті RTVM автоматтың экранына шығарады).

✓ Ескерту: Сәтті жүктелген жағдайда, RTVM автоматтың дисплейіне «Көлік әмияны» тарифі бойынша Көлік картасының теңгерімі туралы ақпарат шығуы тиіс